Таңдаулы жаңалықтар:

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында 2021-2022 жылдарға арналған жылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Абай ауданы әкімі аппаратының мамандары сервистік мекемелермен бірлесе көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлесінің ішкі жылу жүйелерінің құбырларының жөндеу жұмыстарын тексерді.

Жалпы аудан бойынша 416 көпқабатты тұрғын үй орталық жылу жүйесіне қосылған.

Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үйлердің 72,1 пайызы жылу маусымына дайын. Сонымен қатар, жылу маусымына дайындық жұмыстарына күнделікті бақылау жүргізілуде.