Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

ЖҮРЕКТЕН – ЖҮРЕККЕ

0 477

20 ақпан – Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күніне орай кітапхана қызметкерлері Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының емделушілері арасында «Жүректен – жүрекке» тақырыбында кеш ұйымдастырды.


Іс-шарада кітапханашылар адамзаттың назарын әлеуметтік әділдікке, теңдікке аудару үшін бекітілгенін, әділдік деген адамзат тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұғым екендігін, қазіргі кезде әділдік ұғымы барлық адамдарға теңдей мүмкіндікпен құқық беретін демократиялық қоғамның негізі ретінде қарастырылатындығына тоқталды.

Кітапханашылар демалушыларға «Ойланайық, пікірлесейік» айдары аясында түрлі сауалдар қойып, пікір алмасуға шақырды. Керемет әндермен көмкерілген кеште ақжаулықты аналар және аталар ортаға шығып билеп, көңілдері көтерілді. Кеш соңы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.

Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.