Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Алматылық волонтерлер коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй мен тіскебасарлар таратты

0 104

Алматыда «Qamqor Charity» ҚҚ волонтерлері демалыс күндері қар күреу жұмысына жұмылдырылған мамандарға ыстық шәй мен тіскебасар таратты.

 

–  Қаланың тазалығын сақтайтын  қызметкерлер таң атқаннен кешке дейін күннің ыстық, суығына қарамай жұмыс жасайды. Сол үшін біз демалыс күндерін өзімізге және қоғамға пайдамыз тисін деген ниетпен осындай акция ұйымдастырдық.  Қызметкерлердің еңбектерін елеп, бір сәтке болсын қуантқымыз келді, – дейді жастар.

Өз кезегінде коммуналдық қызметкерлер белсенді жастарға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді

–  Күн суықта кішкене денемізді жылытып,  көңілімізді көтеріп кетіп жатқан волонтерларға көп рақмет айтамыз. Осының өзі күш береді, – деді қызметкерлердің бірі.

Айта кетейік, аталмыш қайырымдылық акциясы қаламызда тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.