Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

ҚАЛАМ МЕН ҒАЛАМ

0 416

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы үздік қазақстандық және өлкелік шағармаларды өңір тұрғындарына арасында кеңінен таныту, кітап оқуды ілгерлету, жергілікті ақын-жазушылар шығармашылығы мен олардың туындыларын жастар мен қалың жұртшылығы арасында насихаттау мақсатында жүзеге асырылып келе жатқан «Бір өңір – бір кітап» облыстық акциясы аясында «Жалын» баспасының жабық бәйгесінің жүлдегері, «Дарабоз» әдеби бәйгесінің бірнеше дүркін жүлдегері, Қазақстан Жастар одағы мен Қазақстан Журналистер одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тараз қаласы мен Талас ауданының Құрметті азаматы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғысымен марапатталған арынды жазушы, қаламы қарымды журналист, Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының «Жамбылтану» бөлімінің меңгерушісі Көсемәлі Сәттібайұлымен «Қалам мен ғалам» тақырыбында сұхбат кешін ұйымдастырды.

Өмірі қара сөзбен өріліп, шығармалары тәрбиеге төгіліп тұратын, бүгінде ел ағасына айналған, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің марқасқаларының дуалы аузына, уәлі сөзіне ілінген қаламгер Көсемәлі Сәттібайұлының өмірлік және шығармашылық жолдарымен кітапхана оқырмандарын жан-жақты таныстыру, жастарды жазушымен жүздестіру арқылы, автордың туындыларын оқуға шақыру, баулу мақсатын көздеген кітапханашылар іс-шараға арнайы жергілікті зиялы қауым өкілдері мен жазушының қаламдас әріптестерін шақырып, қонақтар шығармашылық пен журналистика саласының тізгінін қатар ұстап, әдебиет айдынында еркін құлаш сермеп келе жатқан қаламгердің қазақ әдебиеті мен  журналистикасына сіңірген еңбегі жайында сыр шертті.

Кітапханаға жазушы Елен Әлімжан, Қазақстан журналистер Одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов, прокуратура саласының ардагері Әбиірбек Қонысбаев, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының профессоры Меңдібай Әбілұлы, ақындар Шырын Мамасерікова мен Ғайни Әлімбекқызы, А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртісі Асқарбек Сейілхан, құрдасы Асқарбек Айдаров, сатира саңлағы, журналист Бақытжан Советұлы, «Әулиеатамедиа» ЖШС бас директоры Оралхан Дәуіт, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының заңгері Зейнел-Нәби Сұлтанбаев, Қазақстан Жазушылар Одағы Жамбыл облысы филиалының төрағасы, облыстық «AQJOL» газетінің бас редакторы Хамит Есаман, «AQ JOL» газетінің аға тілшісі, жазушы Марат Құлибаев келіп, Көсемәлі Сәттібайұлының өмір жолы мен шығармашылығы туралы өз ойлары мен жылы лебіздерін білдірді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.