ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНА» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ЖУАЛЫ ЖЕРІНДЕ
«Ең үздік ауылдық кітапхана» облыстық байқауы Ұлы Жібек жолының алтын арқауында жатқан Жуалы жерінде жалғасты.
Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Тәттібай Дүйсебай ауылдық кітапханасы «Құт қонып, қыдыр дарыған, қасиетті мекен» атты тарихи-танымдық саяхат ұйымдастырды.
Іс-шара барысында алғашқы сөз сөйлеген Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Елеусізқызы байқауға қатысушы әріптестеріне сәттілік тілеп, ізгі тілегін жеткізді.
Қазақтың салт-дәстүрін насихаттау мақсатында «Қымызмұрындық» көрінісі көрсетілді. Сонымен қатар, кітапханашылар есімі елге мәлім атақты Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза, Тәттібай Дүйсебайұлына арналған бейне көріністер ұсынды.
Тарихи-танымдық кеште шырқалған «Туған өлке», «Ауылым» әндері көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.