Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Елорда күні Қазақстанда 448 сәби дүниеге келді

0 68
6 шілде – Елорда күні мерекесінде Қазақстан бойынша 448 сәби дүниеге келді.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ресми мәліметке сәйкес, мереке күні өмір есігін ашқан нәрестелердің 223-і ұл, ал 225-і қыз бала. Сонымен қатар, дәл осы күні ел бойынша екі егіз дүниеге келген. Қуанышты оқиға Астана қаласында тіркелген.

Өңірлер арасында ең көп сәби Түркістан облысында дүниеге келді. Мұнда бір тәуліктің ішінде 67 нәресте өмірге келген. Алматы қаласында 44 сәби дүниеге келсе, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәрестеден тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, еліміздегі босандыру қызметін көрсететін медициналық ұйымдардың мамандары тәулік бойы жүкті әйелдерге, босанушыларға және жаңа туған нәрестелерге қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.