Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Алмалы ауданы комьюнити орталығында «Әлеуметтік жобалар» көрмесі өтті

0 187

Ағымдағы жылдың 20 ақпан күні Алмалы ауданы комьюнити орталығында «Әлеуметтік жобалар» көрмесі өтті.

Көрмеге әртүрлі саладағы қаламызда сәтті жүзеге асырылып келе жатқан  әлеуметтік маңызы бар 15 жоба ұсынылды. «Alpha volunteers»  еріктілерінің тілдер паркі, «QAMQOR CHARITY ҚҚ-ның әлеуметтік шеберханасы, «Тепло» қайырымдылық жобасы, «ITeachMe» құзыреттілікті дамыту орталығы, «Teenergizer.qz»  әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу жобасы және т.б қатысты.     Сонымен қатар, іс-шарада қаланың демалыс орталықтарынан қолөнер көрмесі ұйымдастырылған болатын.

Әртүрлі ұйым өкілдері өздерін таныстыра отырып, қызығушылық танытқан қонақтарды өз жобаларына шақырды. Көрмеге қала тұрғындары, жастар, сондай-ақ оқушылар да қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай көрмелер арқылы қоғамға пайдасын тигізіп жүрген әлеуметтік маңызы бар жобаларды жастар арасында  кеңінен насихаттау аса маңызды.

   

Айта кетейік, аталмыш көрме алдағы уақытта қаламыздың басқа аудандарында жалғасын таппақ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.