Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Назым Қызайбай әлем кубогының жеңімпазы атанды

0 25
Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім етті

Қазақстандық боксшы, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Әлем кубогының алтын жүлдесін жеңіп алды.

3 дүркін әлем чемпионы, 54 келіге көтерілген Назым Қызайбай финалда Сирине Чараабимен (Италия, Әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері) өзара үздікті анықтады.

Отандасымыз 3 раундта да басым болып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Назым Қызайбай 2025 жылы Астанада өткен Әлем кубогында 48 келіде топ жарған болатын.

Отандасымыздың жарыстағы жолы:

½ финал.

Натнича Чонгпронгкланг — 3:2

¼ финал.

Виктория Рогалинска (Польша) — 5:0

1/8 финал.

Им Э Джи (Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) — 4:1

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.