Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Бес жасар бала бассейнге батып кетті

Бес жасар бала бассейнге батып кетті

0 3  086

Шымкентте бес жасар бүлдіршін фитнес орталығының бассейніне батып кетті. Ол ересектердің қарауынсыз қалып, суда тұншығып қалған. Бұл туралы ҚазАқпарат  ХАА тілшісі хабарлады.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай кеше кешкісін сағат 17.25 шамасрында «KASIET» фитнес-клубында болған.

Құтқару қызметінің дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына 2018 жылы туған бүлдіршіннің балалар бассейніне батып кеткені туралы хабар келіп түскен.

«Оқиға орнына келген мамандар баланың бассейнде шомылып жүріп, суға батып кеткенін анықтаған. Бассейннің тереңдігі – 1,2 метр, ал ені – 5 метр. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған» делінген хабарламада.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.