Президент Жеңіс Қасымбекке қандай тапсырмалар берді
Президент Жеңіс Қасымбекке қандай тапсырмалар берді
Жеңіс Қасымбек «Жайлы мектеп» жобасының іске асырылу барысы туралы есеп берді. Ұлттық жоба аясында жаңа форматтағы 100 мың орындық 25 мектептің жобасы жасалып жатыр. Мектептердің құрылысы биыл басталады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына ауызсу станциясы (ССС-3), жылу электр орталықтары, газ жылу станциялары құрылыстарының барысы туралы мәлімет берілді. Мысалы, ССС-3 станциясының қуаты тәулігіне 100 мың текше метрден астам суды тазалап, жеткізуге жетеді. «Тұран» газ жылу станциясы 8 миллион шаршы метр тұрғын үйді жылытуға қауқарлы. Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардың құрылысын 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.