Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Алмалы ауданындағы комьюнити орталықта қаржылық сауаттылық бойынша курс басталды

0 284

Алмалы ауданының комьюнити орталығында аудан тұрғындарына «Қарызсыз қоғам»  жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша арнайы курс басталды.

Тұрғындарға қаржыны ұтымды басқару, несие, қарыз мәселесі, қаржылық сауатты арттыру бойынша біршама кеңестер берілді. Курсты қаржылық кеңес бойынша эксперт Жандос Брасилов өткізді.

«Қарызсыз қоғам» − халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған жоба. Аталған жобада несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұрған ауыл тұрғындары, қарызы бар және оның мерзімін өткізіп алған азаматтар, мемлекеттен жеңілдікпен несие алуға үміткер кәсіпкерлер оқудан өте алады.

Одан бөлек, кәсіп ашқысы келетін жандарға бағыт-бағдар беріліп, қаржылық қиындықтары туындаған азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған  курс Алмалы ауданының комьюнити орталығында 23 ақпанға дейін жалғасады.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.