Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Бокстан АЧ-2023: Жартылай финалда қазақстандықтардың бесеуі жеңіліп, алтауы жеңіске жетті

Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгілер арасындағы бокстан Азия чемпионатында финалға шығу үшін Қазақстанның 11 боксшысы таласқа түсті. Бүгіндері соның бесеуі жеңіліп, қола медальды місе тұтты. Ал алтауы финалға жолдама алып, "алтыннан үмітті"

0 277

Жартылай финалға өткендер: Санжар Ташкенбай (48 кг), Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Абзал Серік (67 кг), Сабыржан Аққалықов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Ерасыл Жақыпбеков (80 кг), Ренат Бекзат (92 кг) және Аманат Сабырғали (+92 кг). Осының бесеуі финалға өте алмай, қола медаль еншіледі. Соның бірі өте даулы болды.

Алдындағы жекпе-жекте 1 минутта-ақ қарсыласын нокдаунға жіберген, Қазақстанның чемпионы Ерасыл Жақыпбеков жартылай финалда Өзбекстан боксшысы Жасурбек Юлдошевпен қолғап түйістірді.

Аталған жекпе-жектегі жеңіс төрешілердің даулы шешімі бойынша Өзбекстан бокшысына бұйырды, деп жазады sports.kz.

«80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық жекпе-жекте Жақыпбековтың қарсыласы Өзбекстан өкілі Жасурбек Юлдошев болды. Бұл жекпе-жекте Өзбекстан боксшысы жеңіске жетті. Екінші раундта төреші Юлдашевтің есебіне нокдаун тіркеп берді», делінген хабарламада.

Осылайша Ерасыл Жақыпбеков ойынды аяқтап, қола медаль еншіледі.

Сол секілді тағы бір қола медаль иегері Талғат Сырымбетовтың да жекпе-жегі даулы болды. 60 келіге дейінгі салмақта ол жартылай финалда таиландтық Пхутханет Родсукпен жұдырықтасып, бірінші раундта оны нокдаунға жіберген. Дегенмен төрешілер ұпайы санымен тай боксшысы жеңді деп шешті. Сондай-ақ

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 63,5 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды. Төрешілер бұл жекпе-жекте де моңғолиялық Тулга Оюнбаатар жеңді деп шешті. Ұпай айырмасы онша көп емес. Есеп – 3:2.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.