Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Елімізде оқушылардың соңғы қоңырау күні 1 маусымға ауыстырылды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектептердегі соңғы қоңырау күні кейінге шегерілгенін мәлімдеді. 2023 жылдан бастап 1 маусымда еліміздің оқушылары Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау мерекесін атап өтеді

0 1

Бұл жаңалықты Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлім етті.

«Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының ұзақтығы – 36 апта. Дәстүр бойынша оқу жылының бірінші күні 1 қыркүйек болып саналады, ал енді биылдан бастап оқу жылының соңғы күні ол 31 мамыр күні болады. 31 мамыр – оқу күні. Бұл күні оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сабақтармен қатар, сабақтан тыс іс-шаралар өткізіледі. 1 маусым жазғы каникулдардың алғашқы күні болып саналады. Сонымен бірге бұл күні Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар мектептерде соңғы қоңырау мерекелері өткізіледі».Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова

Депутат мектептердегі соңғы қоңырау күнін басқа күнге ауыстыруды сұрады

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.