Жамбылдықтардың 96 пайызы рухани жаңғыру туралы біледі

Бұл туралы «Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисі» мекемесінің басшысы Серікбол Берікқожа «ARAI» газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.

-Елбасының бағдарламалық мақаласында алға қойылған мақсаттар мен міндеттер негізінде осы 2 жылдың ішінде облысымызда ірі жобалар мен бастамалар легі талай белестерді еңсеріп, қыруар тірліктердің тамырына қан жүгіртті. Өскелең ұрпақтың бойында отаншылдық, туған жерге деген құрмет сынды құндылықтарды сіңіре білді.

2017-2018 жылы жалпы көлемі 2,5 миллиард теңгеге барлығы 230 жоба жүзеге асырылып, оған 620 мың адам қамтылды. Қазіргі таңда, облыс аумағында тұрақты түрде мониторинг жүргізу қолға алынған. Жүргізілген мониторингтің қорытындысы бойынша Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын халықтың 96 пайызы білетінін және аталмыш бағдарламаға қатысы бар екенін жеткізген,-деді Серікбол Берікқожа.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *