Жамбыл облысында «Парасатты отбасы» анықталды

06/11/20201min570

Жамбыл облысында 10 мыңға жуық отбасы қатысқан «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша Департаменті «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырған бірегей байқау – парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелері арасында бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, озат ойлы, парасатты оқушыны анықтау мақсатында өткен болатын.
Байқау талаптарына сәйкес қатысушылар отбасы құндылықтары насихатталған бейнероликтер жолдаған. Үздік деп танылған 20 отбасы 10 номинация бойынша жеңімпаз атанды.
Тартысты өткен өнер мен өнегенің, бірлік пен біліктіліктің байқауында Жамбыл ауданының тұрғыны Әбілдаевтар жанұясы жеңіске жетіп, «Парасатты отбасы» атанды. Сондай-ақ, үздік 19 отбасы «Көптілді отбасы», «Үздік оқырман отбасы», «Интеллектуалды отбасы», «Шығармашыл отбасы», «Шеберлер отбасы», «Өнерлі отбасы», «Жомарт отбасы», «Саяхатшы отбасы», «Өндірістегі үздік отбасы», «Ең салауатты отбасы» номинациялары бойынша марапатталды.
Облыстық білім басқармасымен бірлесіп өткізілген байқауда жүлделі орын алған жеңімпаздарға облыс әкімі орынбасарының, Департамент басшысының Алғыс хаты және бағалы сыйлықтар табысталды.