«Энциклопедияға» ең таңдаулылар енеді

Құрметті ағайын!

Өздеріңізге белгілі, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мазмұнды мақаласында «Ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын» деп айрықша атап өткен болатын.

Осы орайда «ZAU.KZ» ақпараттық-танымдық және сараптамалық порталы  бүгіннен бастап «Энциклопедия» атты жаңа айдар ашып отыр. Мұнда есімі елге елеулі азаматтардың өнегеге толы өмірдеректерін топтастырмақпыз.

Атап айтқанда, Кеңес Одағының Батырлары, Халық қаһармандары, Қазақстанның Халық жазушылары мен Халық әртістері, Социалистік Еңбек Ерлері, Қазақстанның Еңбек Ерлері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, жоғары дәрежелі мемлекеттік наградалардың, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері, Қазақстан Жазушылар, Журналистер, Суретшілер, Сазгерлер одақтарының, өзге де беделді ұйымдардың  мүшелері, Жамбыл облысының, Тараз қаласының және аудандардың Құрметті азаматтары, дүниежүзілік, халықаралық, құрлықтық бәсекелерде топ жарған спорт саңлақтары,  денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, құқық қорғау,   ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік, тағы да басқа көптеген саладарда жемісті еңбек етіп, құрметке бөленген жерлестерімізді жұртшылыққа кеңінен танытуды жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар Елбасы ұсынған «Туған жер» бағдарламасына лайықты үн қосу мақсатында елдімекендер туралы мағлұматтар жинастыруды қолға алдық. Әрине, бұл тұрғыда көпшіліктің қолдауы қажет-ақ. Сондықтан да өздеріңіз жақсы білетін белгілі тұлғалардың ғибратты ғұмырбаяндарын, қалалар мен ауылдардың тарихына қатысты деректерді бізге жолдасаңыздар нұр үстіне нұр болар еді. Біз  мұның барлығын арнайы комиссияның елеп-екшеуінен кейін жариялайтын боламыз.

«ZAU.KZ» ақпараттық-танымдық және сараптамалық порталының электронды поштасы: zau.kz18@mail.ru

Байланыс телефоны: 87078750086

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru