ҰБТ-басты назарда

19/08/20201min610

2020 жылғы 17-20 тамыз аралығында шекті балл жинай алмаған, наурыз айында ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген, сондай-ақ маусым-шілде айларында нәтижелері жойылып, ҰБТ-ға жіберілмеген және тағы бірқатар тұлға үшін кезекті ҰБТ өткізілуде.
Сынақ талапқа сай өтуі үшін «Жамбыл — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері қадағалауда. Бақылаудың алғашқы екі күнінде Ұлттық біріңғай тестілеу залына кірер кезде 27 оқушыдан, аудиторияда 5 оқушыдан ұялы телефон және басқа да тыйым салынған заттар анықталып, аудиториядан шығарылды.