Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Түркияның оңтүстігінде жер сілкінісі болды: бір бала қаза тапты, 69 адам жарақат алды

0 123
3 маусымға қараған түні, жергілікті уақытпен 02:17-де (Қазақстан уақытымен 04:17) Түркияның Мугла провинциясы маңындағы жағалау аумағында магнитудасы 5,8 болатын жер сілкінісі тіркелген.

TRT Haber хабарлауынша, жерасты дүмпулері елдің бірнеше аймағында сезілген.

Оқиға салдарынан 69 адам жарақат алды, бір бала қайтыс болды. Билік өкілдерінің айтуынша, жарақат алғандардың басым бөлігі үрейге бой алдырған сәтте болған – кейбір адамдар ғимараттар құлап қала ма деп, терезеден секіріп кеткен. 55 адам медициналық көмек алу үшін ауруханаға жеткізілді, 14 адам ауруханаға жатудан бас тартып, алғашқы көмекті оқиға орнында алған. Бір адам ауруханаға жатқызылды, 46 адам қабылдау бөлімінде бақылауда болды, олардың сегізі үйлеріне шығарылған.

14 жастағы Афранур Гүнлю жер сілкінісінен кейін қатты күйзеліске түскен. Оны дереу ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, қыз бала көз жұмды.

Мугла провинциясының губернаторы Идрис Акбыйык аймақта күрделі қираулар мен электр, су немесе газ желілерінде үзіліс тіркелмегенін мәлімдеді. Тұрғын үйлердің тұтастығы сақталған. Ішкі істер министрі Али Ерликая да қалаларда қираған ғимараттар жоқ екенін растады.

Экология министрі Мурат Курум мен Измир губернаторы Сүлейман Элбан қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты. Барлық төтенше қызметтер жоғары дайындық режиміне көшірілген. Табиғи апаттардың зардаптарын жою жөніндегі агенттік құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.