Тәуелсіздік күнінде жаңатастық 120 отбасы баспаналы болды

Бүгін қос мереке — Тәуелсіздік күні мен Жамбыл облысының 80 жылдығы аясында қуанышты сәттің куәсі болдық.

Аудан орталығында 1 шағын аудандағы 120 пәтерлі №9 көпқабатты тағы да бір үй қалпына келтіріліп,  Тәуелсіздік  күнінде Жамбыл облысының 80 жылдығына орай 120 отбасы баспаналы болды.

Мұндағы басты мақсат әлеуметтік жағынан аз қорғалған және жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған отбасыларды тұрғынүймен қамту.

Жыл санап дамып келе жатқан Жаңатасымыз үшін тұрғын үй мәселесі күн тәртібінен түскен емес.

Осы орайда, жарты ғасырлық тарихы бар қаламызда мемлекеттік бағдарламалар аясында көпқабатты тұрғын үйлер қайта жаңғыртылып, пайлануға берілуде.

Жылдан-жылға қала тұрғындарының саны көбейіп, тұрғын үй кезегіндегілер саны да арта түсуде.

Бүгінгі таңда, коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерден пәтер алу кезегінде 2 мыңға жуық адам тізімде тұр.

Осы мәселені шешу, тұрғындарды, әсіресе жағдайы төмен отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Биылғы жылдың өзінде үш үйді пайдалануға берілді. Бұл қала үшін қуанарлық жағдай.

Жыл сайын бос тұрған көпқабатты үйлерді қалпына келтіріп, ел игілігіне беру жұмыстары жалғаса беретін болады.

Міне, соның дәлелі ретінде бүгін ұзақ жылдар кезекте тұрған азаматтар жаңа қонысқа ие болып отыр.

Жаңа үйдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан басшысы Қ.Мәдібек аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, белгіленген құрылыс жұмыстарын сапалы атқарып, ел игілігіне ұсына білген «Ақорда корпорациясы» ұжымына және жалпы ат салысқан барша азаматтарға алғысын білдірді.

Жаңа қонысқа кірген көп балалы аналар қуаныштарын жасыра алмай аналарға ерекше көңіл бөлген облыс басшысына деген алғыстарын білдіруде.

 

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru