Тақтайдай тегіс жол таңдай қақтырады

Автомобиль жолдарының сапасы жөнінен əлемдегі ең үздік 100 мемлекеттің тізімі шығыпты.

Алайда, қанша іздегенімізбен бұл тізімнен Қазақстанды таппадық. Сөйтсек, біз 115 — ші орында жүр екенбіз ғой. Ресей бізден бір саты жоғары болып, 114 — ші орынға шығыпты.

Бір таңқаларлығы: жолының сапасы жөнінен Гондурас, Камерун, Иран, Мавритания, Нигерия тіпті, соғыс болып жатқан Сирияның өзі бізден жоғары болып шығыпты.

Əрине, жол салудың аса қымбат екендігі түсінікті. Бірақ, тəуелсіздіктің 25 жылында 25 республикалық мəндегі автожолдар жөнделсе, бұл тізімнің жоғарғы жағынан көрінер ме едік, кім біледі!

Ал, жолдарының сапасы ең жақсы елдердің ондығында Біріккен Араб Əмірліктері, Сингапур, Гонконг, Швейцария, Португалия мен АҚШ жүр.

Айтпақшы, биыл Жамбыл облысында жыр болып келген         «Меркі — Шу – Бурылбайтал» тас жолы жөнделетін болыпты.

Оның жұмыстары үстіміздегі жылдың шілде айында басталмақшы екен.  Бұл жолдың құны да қомақты қаражат. Яғни, 110 миллиард  теңгеге жуық.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru