Таңдаулы жаңалықтар:

СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРГЕ ЕРІКТІ ТҮРДЕ ҚОНЫС АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ | Zau.kz

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен өңіраралық ерікті түрде қоныс аудару бойынша жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге көшіру мәселелерін талқылау мақсатында дөнгелек үстел өткізілді.

Аталған жиынға Шымкент қалалық маслихат депутаттары, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері, аудан әкімдіктерінің қызметкерлері мен солтүстік өңірге көшуге ниет білдіруші қала тұрғындары қатысты.

Жиын барысында басқарма басшысы Б.Нарбекова бағдарламаның тиімділігі мен қоныс аударудағы мемлекеттік қолдауды түсіндірді.

— Елімізде халқы тығыз өңірлерден халқы сирек орналасқан өңірлерге халықты қоныстандыру жұмыстары белсенді түрде жүзеге асырылып келеді.
Халық саны жағынан елімізде үшінші орындағы Шымкент қаласына қоныс тебушілер қатары жылдан жылға көбейіп отыр. Қоныс аударған азаматтар мемлекеттік қолдау тауып, атап айтқанда көшуге материалдық көмек беріледі. Және ол жақта тұрғын үйді жалдау, жұмыс берушілерге субсидиялар беру, азаматтарға техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберу мен бастысы жұмысқа орналасу мен кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді қамтиды,-дейді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, жиында zoom желісі арқылы Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысының өкілдері байланысқа шығып, қала тұрғындарына кеңінен ақпарат беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Жалпы, қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан Солтүстікке көшу бағдарламасын ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының делегация мүшелерінің қатысуымен бірлескен түрде жиналыстар өткізіліп, «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде Павлодар облысының Баянауыл және Успен аудандарының өкілдері насихаттау жұмыстарын ұйымдастырды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *