Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкентте"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында «Адам құқықтары – ең басты құндылығымыз» атты танымдық сағаты өтті | Zau.kz

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Абонемент бөлімі № 90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясымен бірлесіп, 10 желтоқсан – Халықаралық адам құқығын қорғау күніне орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Адам құқықтары – ең басты құндылығымыз» атты танымдық сағатын өткізді.

Шараның мақсаты:

•Оқырмандарға адам құқығы, бала құқығы,оқушының құқығы мен міндеттері ұғымын меңгерту;
•Проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету;
•Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттігін қалыптастыру;
•Құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға және адамгершілік құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу;
•Өз болашағына жауапкершілікпен қарап, өзгенің құқығын бұзбауға, үйрету;
•Баланың бойында еліне, халқына деген патриоттық сезімдерін ояту, елін сүйетін ұрпақ тәрбиелеу.

Шара барысында адам құқықтары мен бостандықтары, адам құқығын қорғау жайлы ақпараттар беріліп, оқырмандармен викториналық ойындар ойнатылды.

Шара соңында мектептің домбыра үйірмесі күй орындап, іс-шараны жақсы көңіл күймен аяқтады.

Танымдық сағатқа 15-16 жастағы оқушылар мен мұғалімдер, кітапханашылар қатысты.
Қатысқан оқырмандар саны -46.