Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ БАСТАЛДЫ

Жәрмеңкені қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы және “Жастар ресурстық орталығы” бірлесіп ұйымдастырды. Бұл іс-шараның ерекшелігі – қаланың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының түлектері, жалпы 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жүрген жастарға арналған. Жәрмеңкені қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова ресми түрде ашты.

– Бұл диалог алаңы жұмыссыз жастардың санын азайтып, жұмыс іздеген азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қала тұрғындарына «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы» , «Алғашқы жұмыс орны» бағыттары бойынша ақылы жұмыстар да ұсынылады, – деді басқарма басшысы.

«Мүмкіндіктер алаңы» жәрмеңкесіне Шымкент қаласындағы 50-ге жуық жұмыс беруші мекеме қатысуда. Іс-шарада 9 мыңнан астам тұрақты және уақытша бос жұмыс орындары ұсынылды.
Атап айтқанда, «AZALA Textile», «Сити Строй», «Реголат», «Қазнұр», «Альфа-ЮГ», «Аsia Trafo» кәсіпорындары мен «Магнум, «Фиркан» секілді ірі сауда желілері қатысуда.
Жәрмеңке кешкі 18:00-ге дейін «Арбат» аумағында жалғасады

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *