Таңдаулы жаңалықтар:

Физика-математика бағытында тереңдетіп білім беретін 600 орындық жекеменшік «Intellect» лицейі ашылды. Мектепте білім алу мемлекет есебінен, яғни тегін.

Жалпы, мегаполисте білім саласында инвесторлардың көмегімен жекеменшік мектептер көптеп салынып жатыр.

Қалада бой көтерген лицейдің ашылу салтанатына қатыстым.

Бұл мектептің салынуына Біріккен Араб Әмірліктерінің «Ummet» қоғамдық қоры да көмектескен екен. Қордың өкілі Салих Али Абдрахман Бухалид мырзамен тілдесіп, алдағы уақытта білім және медицина саласында ынтымақтастықты одан әрі арттыру жөнінде әңгімелестік.

Осылайша, тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Шымкентте биыл жиырмадан астам мектеп ашылды.

Айтпақшы, мектеп “Асар” шағын ауданында орналасқан. Орындар бар.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *