Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ ТАЛАНТТЫ ОҚУШЫЛАРДЫ АНЫҚТАЙТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

Шымкент қаласы «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен «Менің кіші Отаным» атты IV республикалық интеллектуалдық байқауының қалалық кезеңі әл-Фараби академиялық мектебі базасында офлайн форматта өтті.

Байқаудың мақсаты туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамыту. Олардың бойында патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, сонымен бірге тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту.

 

Оқушылардың арасында өткен байқауға қалалық кезеңіне 75 мектептен 237 оқушы қатысты. Байқау қазақ және орыс тілдерінде, Қазақстан тарихы пәнінен тест түрінде өткізіліп, ZOOM платформасы арқылы бейнебақылаумен бақыланды және мектеп әкімшіліктеріне тікелей эфирде олимпиада барысын қашықтықтан бақылауға мүмкіндік жасалынды.

Байқаудың қорытындысы бойынша оқушылардың жұмыстары шифрланып, www.daryn-shymkent.kz веб-сайтына жүктелді.