Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ “ПРЕЗИДЕНТТІҢ НЕМЕРЕСІ” ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ - Zau.kz

“Аңсаған сәбидің” алғашқы сәбиі дүниеге келді.

“Аңсаған сәби” дегеніміз — Президенттің былтырғы Жолдауында жасанды ұрықтандыру квотасын ЖЕТІ есеге өсіру туралы бастамасы бойынша қабылданған бағдарлама.

Мұндай бір процедура 1 млн-нан астам теңге тұрады. Оны әрбір жұптың қалтасы көтере бермейді.

Бұрындары Шымкентке жылына 50-60 квота берілетін. Жүздеген отбасы кезекте тұратын. Ал биыл 403 квота берілді.

Жуырда “Аңсаған сәби” бағдарламасы аясында Шымкентте алғашқы жұп балалы болды. Қуаныш иелері әзілдеп “президенттің немересі” дейтін көрінеді.

АҢСАҒАН АРМАНЫНА ЖЕТКЕН ЖҰПТЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!