Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ «ӨЗ ДІНІҢЕ БЕРІК БОЛ, ӨЗГЕ ДІНДІ ҚҰРМЕТ ТҰТ» АТТЫ БАЙҚАУ ӨТТІ | Zau.kz

Этникааралық қатынастар (ұлтаралық қатынастар) сөздің кең мағынасында әр түрлі салаларда – саясатта, мәдениет пен тағы басқа да халықтардың өзара іс-қимылы ретінде баршамызға мәлім. Өткен уақыттарда адамдардың діни қатыстылығы қоғамдық өмірдің маңызды факторы болды, бұл қазіргі әлемде де солай қалып отыр.
Конфессиялар мен этностық топтардың алуан түрлілігіне тән қоғамдастықтардың тұрақтылығы конфессияаралық қатынастарға байланысты. Осы мақсатта Шырайлы шаһарымызда Шымкент қаласының Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша «Сарын» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен мегаполисімізде тұратын әртүрлі этнос өкілдері арасында өткен «Өз дініңе берік бол, өзге дінді құрмет тұт» атты байқаудың қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Бұл жоба қаламыздың аумағында өмір сүріп жатқан этнос өкілдері арасындағы татулық пен келісімді нығайту мақсатында өткізіліп жатқан іс-шара. Байқау жеңімпаздары мен жоғары нәтиже көрсеткен белсенді қатысушылары арнайы дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.