Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкент қаласында 1886 аялдама орны бар. Ескірген аялдамалар орнына биыл жаңа үлгідегі 250 аялдама орнату көзделген болатын. Бүгінде оның 138-і қойылды.

Атап айтқанда, Сырым батыр — 17, Өтегенов -12, Бәйтереков — 2, Байтұрсынов -3, Назарбаев — 2, Айбергенов -2, Аймауытов — 10, Ақназар хан — 7, Сайрам-10, Момышұлы-9, Тәуке хан – 7, Қазыбек би -12, Елшибек батыр – 6, Жолан батыр -2, Позиков -2, Қазиев – 3, Төле би – 2, Уалиханов – 6, Иляев – 4, Әл-Фараби көшесіне 20 аялдама орнатылды. Қалған аялдамаларды орнату жұмыстары жалғасуда.

Ескі аялдамалар жалпы жөндеуден өтіп, қажеттілікке қарай қайта орнатылатын болады.