Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Абай аудандық кірістер басқармасы басшысының м.у.а Бақдәулет Өтембаевтың қатысуымен брифинг өтті.

Баспасөз жиынында Бақдәулет Серікұлы жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталды.

– Осы жылдың І жартыжылдық қорытындысымен Абай аудандық кірістер басқармасының мемлекеттік бюджет жоспары 108 пайызға орындалды. Есепті мерзімде бюджетке 1 747,3 млн теңге артық қамтамасыз етілді. Ал мемлекеттік бюджет бойынша түсімдердің өсу қарқыны 127%-ды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 036,6 млн теңгеге артты, – деді Б.Өтембаев.

Спикердің сөзінше, салықты әкімшіліктендіру жұмыстары нәтижесінде мемлекеттік бюджетке қосымша анықталған кіріс көздері есебінен 2232,3 млн теңге өндірілген. Ал өсу қарқыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 258 пайызды құраған. Яғни, 1367,9 млн теңгеге артық қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, осы жылдың 6 айында басқармамен 14 мемлекеттік қызмет бойынша барлығы 90 487 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде: электронды түрде 89 386 (98,8%), қағаз тасығышта (барлық көрсетілген қызмет санының 1,2%) 1 101 қызмет.

Еске салсақ, салық төлеуші мен мемлекеттік қызметкердің тікелей байланысын болдырмау мақсатында бірқатар қызметті қабылдауды және нәтижесін беру қызметін «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына берілген.