Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру жөніндегі тұжырымдамасын іске асыру бағытының бірі ретінде өңірлердегі қоғамдық кеңестер тиісті деңгейінде жұмыстар атқарып келеді және ашық пікір айтушы алаң болып табылады.

Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 5-бабы 13-тармақшасына сәйкес, жергілікті деңгейдегі құқық қорғау органдары басшыларының ақпаратын тыңдауды жоспарға енгізіп, кезектілікпен тыңдап келеді.

Осыған сәйкес, бүгінгі өткен отырыста Шымкент қаласындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар, атқарылған жұмыстардың қорытындысы, алдын-алу және қылмыстық-құқықтық бағыттарындағы жұмыс нәтижелері туралы ақпаратымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Серікбаев Талғар Абдунабиұлы баяндады.

Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға толыққанды жауаптар алынып, кеңес тарапынан баяндама бірауыздан қабылданды.

Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесі Заңның аталған бабына сәйкес жерілікті құқық қорғау органдары басшыларының жұмыс нәтижелереі туралы ақпаратын тыңдауды жалғастыратын болады.

Отырысты кеңес төрағасы, Шымкент қалалық маслихат депутаты Бұхарбай Нұрғазы Бақтыбайұлы жүргізіп отырды.