Сайлау-2021: Үгіт материалдарына орын беру шарттары мен тәртібі және төлемінің мөлшері туралы ақпарат

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарына

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігінде орын  беру шарттары мен тәртібі және төлемінің мөлшері жайлы

АҚПАРАТ

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес «Zau.kz» ақпарат агенттігін  сайлауалды үгіт-насихат материалдарын 5000 белгіден аспайтын мақала түрінде жариялайды. Үгіт-насихат материалдарын кандидаттардың өздері дайындайды.

Үгіт материалын ақпарат агенттігіне жариялау үшін тіркелген кандидат немесе оның сенімді өкілі мынадай құжаттар ұсынады:

 

  1. Редакцияға кандидат немесе сенімді өкілдің толық аты-жөні, тіркелу нөмірі, мерзімі, уақыты, сайлау округі толық жазылған, кандидат немесе сенімді өкілдің қолы қойылған жазбаша өтініш береді.
  2. Құжаттардың көшірмесі және жеке куәлігі нотариалды бекітіліп берілуі керек. Онда кандидаттың жеке куәлігі және кандидаттық куәлігі, сенімді өкілдің жеке куәлігі және сенімді өкілдігін растайтын куәлігі қоса болуы қажет.

Үгіт материалдарын жариялау тәртібі

 Редакция кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау кезектілігін жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен, егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе материалдардың жариялану ретін жеребе бойынша белгілейді. Жазбаша өтініш келіп түскеннен кейін үгіт материалына басылым бетінде тиісті орын берілгені үшін редакция және кандидат мақаланың жариялану ақысын алдын ала төлеу жайында екіжақты келісімшарт жасасады.

Үгіт материалы ақпарат агенттігінде  мақаланың толық төлемі редакцияның есепшотына 100 пайыз көлемінде түскеннен кейін барып жарияланады.

Сайлауалды үгіт 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2021 жылғы 9 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 00.00 сағатта аяқталады.

Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі

 Кандидат үгіт материалының мәтінін редакцияның жарнама бөліміне жарияланым  жарыққа шығардан бір жұмыс күні бұрын ұсынуы тиіс. Материалдың мәтіні қағазға басылып шығарылып, оған кандидат немесе оның сенімді өкілі қол қоюы қажет. Сонымен қатар электронды нұсқасы қоса болуы керек. Берілген мерзімі, уақыты, тіркеу нөмірі көрсетіліп, екі данамен шығарылған материалдың жазбаша нұсқасының біреуі редакцияның жарнама бөліміне тіркеліп, екіншісін тапсырыс берушінің өзі алып кетуі тиіс.

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңының талаптарына сай келмейтін үгіт мақалалары қабылданбайды.

Үгіт материалдарын жариялаудың төлем тәртібі

 Кандидат немесе оның сенімді өкілі үгіт материалының жариялану құнын 100 пайыз төлейді. Төлемақы, алдын ала келісімшартта қарастырылғандай, редакцияның реквизиті көрсетілген есепшотына аударылуы керек.

Қызмет көрсету құны

-Сайттың негізгі бетіндегі 1000 белгіден астам 1 мәтіндік материал (1-3 фотосуретпен) 50 000 (елу мың) теңге ҚҚС қоспағанда;

-Сайттың негізгі бетіндегі 1000 белгіге дейінгі 1 мәтіндік материал (1 фотосуретпен)  30 000 (отыз мың) теңге ҚҚС қоспағанда;

-Сайттың ішкі бетіндегі 1000 белгіден астам 1 мәтіндік материал (1-2 фотосуретпен)  20 000 (жиырма мың) теңге ҚҚС қоспағанда;

-Сайттың шкі бетіндегі 1000 белгіге дейінгі  1 мәтіндік материал (1 фотосуретпен)  15 000 (он бес мың) теңге ҚҚС қоспағанда;

-Сайттың  негізгі бетіне 1 инфографика орналастыру 30 000 (отыз мың) теңге ҚҚС қоспағанда;

— Сайттың  негізгі бетіне 1 бейнематериал (ұзақтығы 3 минутқа дейін) орналастыру 70 000 (жетпіс мың) теңге ҚҚС қоспағанда;

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыруға бұқаралық ақпарат құралы бетінен орын беру туралы ПРАЙС-ПАРАҚША

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігінің меншік иесі- «Имидж-2030» ЖК (Мекенжайы Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ф.Достаевский көшесі, №3А, 22-пәтер;

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігінің тілі: қазақ, орыс; жиілігі: тәулік бойы;тақырыптық бағыты: ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси; таралу аумағы: интернет желісі бойынша.

-Сайттың негізгі бетіндегі 1000 белгіден астам 1 мәтіндік материал (1-3 фотосуретпен) 50 000 (елу мың) теңге ҚҚС қоспағанда;

-Сайттың негізгі бетіндегі 1000 белгіге дейінгі 1 мәтіндік материал (1 фотосуретпен)  30 000 (отыз мың) теңге ҚҚС қоспағанда;

-Сайттың ішкі бетіндегі 1000 белгіден астам 1 мәтіндік материал (1-2 фотосуретпен)  20 000 (жиырма мың) теңге ҚҚС қоспағанда;

-Сайттың шкі бетіндегі 1000 белгіге дейінгі  1 мәтіндік материал (1 фотосуретпен)  15 000 (он бес мың) теңге ҚҚС қоспағанда;

-Сайттың  негізгі бетіне 1 инфографика орналастыру 30 000 (отыз мың) теңге ҚҚС қоспағанда;

-Сайттың  негізгі бетіне 1 бейнематериал (ұзақтығы 3 минутқа дейін) орналастыру 70 000 (жетпіс мың) теңге ҚҚС қоспағанда.

 Директор                                                                         Темірлан М.Б.