Саяси қызметшілердің дербес жауапкершілігі талқыға салынды

29/04/20201min1120

Саяси қызметшілердің дербес жауапкершілігі туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысында айтылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Әшірбаев, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау және тергеу бағытында атқарылған жұмыстарын баяндап, өткен кезеңмен салыстырғандағы өсу динамикасын атап өтті.
Атап айтқанда, 2020 жылдың 3 айында сотқа жолданған қылмыстық істердің саны 27-ге (2019 – 27), сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғалардың саны 28 –ге (2019 – 24) жеткен. Оның ішінде білім саласының қызметкерлері, ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлері және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қызметінің қызметкерлері көш бастап келеді.
Аталған отырыста, спикер мемлекеттік органдардың ішкі тәуекелдерін өздері жоймай және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мәдениет деңгейін жоғарлатпағанша сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге мүмкін болмайтындығын айтып, бұл бағыттағы жұмыстар әлі де формальді түрде өтіп келетіндігін жеткізді.
Бұған куә, 2020 жылы облыстық деңгейдегі басқармаларында орын алған сыбайлас жемқорлық деректерін атап өтуге болады. Себебі аталған мемлекеттік органдар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, нақты тәуекелдерін анықтамаған болатын.
Осы орайда, 2019 жыл соңында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін, мемлекеттiк саяси қызметшiнiң тиiстi мемлекеттiк лауазымдағы мiндеттерiн атқаруды тоқтату туралы оставкаға беру, онымен қоса, бірінші басшылардың профилактикалық жұмысты ұйымдастырудан жүйелі түрде бас тартқаны, әрекетсіздік жасағаны үшін жеке жауаптылықтары туралы институттарының енгізілгендігін хабардар етілді.


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru