Таңдаулы жаңалықтар:

Сарысудағы салтанат

Бүгін Сарысу ауданында 16 желтоқсан, ең Ұлық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шара өтті.
Бұл күн еліміздің Ұлттық мерекесі, әрі теңдесі жоқ тарихи дата.


Тәуелсіздік тұтас елдің азаттығы, еркіндігі, дербестігі. Сондықтан да бұл киелі ұғым.
1991 жылғы 16 желтоқсан күні қазақстандықтар үшін жаңа дәуірдің таңы атты.
Тәуелсіздік жолында еліміз алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында «Тәуелсіздік дәуірі дегеніміз – ұлттың бұрын өтуі мүмкін еместей көрінген шыңырау шетіндегі таудың қатерлі соқпағымен жүргенмен бірдей құбылыс. Алайда, біз оны бағындырдық» — деп жазған еді.
Содан бері өсу мен өркендеудің белестерін бағындырған елімізде талай тірліктер атқарылды, тарихи жеңістерге қол жетті. Бірлігі жарасқан, егемен Қазақстан әлемдік деңгейге шықты. Бұл барша қазақстандықтардың ортақ табысы.
Сонымен қатар, Тәуелсіздік әр қазақстандыққа шексіз жауапкершілік артады, ол татулық пен еңбек арқасында ел іргесін одан әрі нығайту, Тәуелсіздік тұғырын бекіту.
Осы жылдардағы еліміздің жетістіктерінде сарысулықтардың өзіндік үлесі бар екенін мақтанышпен айта аламыз.
Егемендік жылдары аудан әлеуметтік — экономикалық дамуында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Жаңа нысандар салынып, барлық салада қаншама тың жобалар жүзеге асты.
Биылғы жылдың өзінде ауданда «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында — 23 нысанға, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында — 8 нысанға және «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында — 24 нысанда құрылыс — жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жалпы өңірімізде кәсіпкерлік саласы жақсы дамып келеді, ауылшарушылығы саласы тың серпінге ие болды.
Тау-кен химия кешені кәсіпорындары ауданның дамуына сүбелі үлес қосып келеді.
Кейінгі жылдардың өзінде көптеген кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді.
Жол жөндеу, абаттандыру шаралары да назардан тыс қалған емес.
Құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы мереке қарсаңында ауданда бірнеше жаңа нысандар ел игілігіне пайдалануға берілді. Оған өздеріңіз куәсіздер.
Биылғы жылдың өзіндік қиындықтары да болды. Аудан халқының ынтымағы мен берекесі арқасында оны да еңсеріп келеміз. Дер кезінде тиісті шаралар қабылданды, бірде бір жұмыс орны қысқарған жоқ. Көп балалы, аз қамтылған отбасыларына, жеке азаматтарға әлеуметтік, материалдық қолдау жұмыстары жүргізілді.


Үстіміздегі жылы 1 қыркүйекте ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы жарияланды.
Жолдауда азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын дамытуға басты басымдық беріліп отыр.
Және ел экономикасын дамытудағы барлық салалар бойынша нақты міндеттер қойылды.
Мемлекет басшысы: «Бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз» деп атап көрсетті.
Бірлікті ту еткен барша қазақстандықтармен қатар сарысулықтар да алдағы міндеттерді абыроймен атқарары сөзсіз.
Келесі жыл – ел тарихындағы тағы бір меже – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы.
Бұл — жаңа белес, жақсы істерге жаңа серпін.
Біз үшін де алдағы жыл — игі істер мен маңызды бастамалар жылы болмақ.
Бір қатар ірі жобаларды жүзеге асыру жоспары бар. Оның ішінде: аудандағы 14 елді мекенді газдандыру бар. Құрылыс, жөндеу, өндірісті, агрокешенді, әлеуметтік саланы, кәсіпкерлікті дамыту бойынша нақты жұмыстар белгіленіп отыр. Мұның бәрі алдағы уақыттың еншісінде, екендігі аудан әкімі Бақытжан Жақсылықовтың құттықтау сөзінде кеңінен айтылды.
Салтанатты шара Көк туымыздың ортаға әкелінуімен бастап, Ән ұранымыз шарықтай шырқалды. Тәуелсіздікке жету жолындағы сахналастырылған көрініс қойылып, әсем ән, мың бұралған бишілер би биледі. Барлық сақтық шараларын ұстай отырып, аудан әкімі бірқатар ауданға еңбегі сіңген азаматтарды айтулы мерекемен марапаттап, ауданның Құрметті азаматы төсбелгілерін табыс етті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *