Сарысуда екі мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Жаңа оқу жылы қарсаңында Сарысу ауданындағы білім беру мекемелерінде қауіпсіздік шаралары күшейе түсті.  Қазіргі таңда барлық мектептерде 27 кварц лампасы, 47 тепловизор, 250 литр антисептик, 16 қол кептіргіш, 10 дана санитайзер бар. Штаттық режимде оқытылатын мектептің барлық   сыныптарында, оның ішінде мектеп алды сыныптарда білім  алушылардың күн сайынғы температурасын өлшеуді қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.

Дене қызуы нормадан жоғары,  ауру белгілері бар балалар үйлеріне оралады, ауырған адамдар анықталған жағдайда барлық сынып қашықтықтан оқытуға көшу қамтамасыз етіледі, мектеп жұмысын жалғастырады.

Мұғалімдерге кабинеттерде жүруге, мұғалімдер бөлмесіне баруға, сыныптан тыс іс-шаралармен ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады;

2021 жылдың 1 қаңтарына дейін мектептерде мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық шаралар толығымен тоқтатылады.

Оқу форматына қарамастан, қазақ және орыс тілдерінде оқитын оқушыларға мұғалімдер мен ата-аналардың көмегімен 1-11 сыныптардан бастап республикалық «Ел-Арна», «Балапан» теледидарлық сабақтары арқылы оқу мүмкіндігі беріледі. Теледидар сабақтары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми арналарында ақысыз көрсетіледі. Теледидар сабақтары қосымша білім беру ресурсы ретінде қолданылады.

Сонымен қатар ауданда  мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға басымдық берілуде. Бүгінде Ақтоғай және Жаңаталап орта мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  Ақтоғай орта мектебіне «Жұмыспен қамту Жол картасы» бағдарламасы аясында 157 527,0 мың теңге бөлініп, игерілуде.  Ал Жаңаталап орта мектебіне «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 79 874,0 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Аталған екі мектептердегі жұмыстар жақын күндері толықтай аяқталатын болады.

Бұдан бөлек білім бөліміне қарасты  21 мектептің әжетханаларын ғимарат ішіне кіргізу үшін 17 мектеп ағымдағы жөндеу және 4 мектеп жапсарлас (модульді, сэндвич тақтайшасы) арқылы шешімін тапты.

Қазіргі таңда 17 мектептің санитарлық торабы, тоспа су кететін шұңқырлары жоқтарға қайта ыңғайластырып орнату және жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Сонымен қатар, Жаңатас қаласындағы кәріз жүйелері орталықтандырылған, әжетханалары бар мектептерге санитарлық нормаларын орындау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ 27 мектепке 448 дана сандық (ІР камера) бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru