Сарысуда бірқатар кәсіпкерлік нысандары жұмысын бастады

Жалпы ауданда 525 кәсіпкерлік нысан халыққа өз қызметтерін көрсетуде.
Соңғы карантиндік шараларға байланысты жалпы нысанның ішіндегі 489 нысан шектеулі уақытпен жұмыс атқарса, 36 нысан мүлдем жабық болған (10 тойхана, 11 кафе, 9 сұлулық салондары, 6 монша). Ағымдағы жылдың 14 тамызында шыққан Жамбыл облысының Бас санитариялық дәрігері Г.Д. Надуевтың №32 қаулысына сәйкес, карантиндік шараларды жеңілдету жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Осы бағытта ағымдағы жылдың 17 тамызынан бастап жабылған және уақыттары шектелген кәсіпкерлік нысандардың иелері «Сервистік Әкімдік» офисіндегі мамандарға келіп, интернет порталда арнайы ашылған infoKazakhstan сайтына тіркелуі қажет етілді. Тіркелген кәсіпкер ашуға мақұлдама алған соң, арнайы мониторингтік топ нысанға барып санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеріп, алгоритм бойынша жұмыс істеулеріне рұқсат беруде.
Бүгінгі күнге аталған портал арқылы 56 нысан иесінің өтініші тіркеліп, рұқсат қағаздары берілді.
Оның ішінде:
— 11 кафе;
— 30 азық-түлік емес дүкені;
— 9 сұлулық салоны;
— 6 монша.
Нысандарды ашу жұмыстары әлі де жалғасатын болады.
Ашылған нысандардағы санитарлық талаптардың сақталуы алдағы уақытта тұрақты түрде мобильдік топтардың тарапынан бақыланып, зерделеніп отыратын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *