Сан сауалға-нақты жауап

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру- біздің ортақ міндетіміз.
Әлемді шарпыған коронавирус пандемиясына байланысты тұрғындардың әлеуметтік желілерде белсенділігі байқалуда.
Осы орайда, халықпен кері байланыс орнатып, ашық диалог құру мақсатында облыс әкімінің тапсырмасымен халықпен тікелей эфирге шығу арқылы тілдесу жұмыстары қарқын алды.
22.04.2020 жылы Сарысу ауданының әкімі Қ.Мәдібектің «Facebook» желісіндегі ресми парақшада тікелей эфир арқылы онлайн сұхбат берді.
Онлайн сұхбат барысында, ауданда коронавирус індетінің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және жалпы саяси-ахуал туралы баяндап, сұрақтарға жауап берілді.
Тікелей эфир жұмысына аудандық полиция бөлімінің бастығы — Бекхожаев Қуаныш Серікбайұлы, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Артықбаев Сәкен Сәрсенұлы қатысты.
Аудан әкімі Қ.Мәдібек атқарылып жатқан жұмыстардың барысын қысқаша баяндады.
Содан соң тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы -Сәкен Сәрсенұлының және аудандық полиция бөлімінің бастығы — Қуанышбек Серікбайұлының баяндамалары тыңдалды.
Баяндама аясында және Сарысу аудан әкімдігінің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасын 6500-ге жуық әлеуметтік желі қолданушылар тамашалап, барлығы 400-ден астам пікір, сұрақ түсті.
Аудан әкімі Қ.Мәдібек түскен сұрақтарды жеке-жеке оқып, оларға 1 сағат көлемінде жауап берді. Онлайн сұхбат аяқталса да сұрақ қоюшылар қатары көбейе түсті. Сауалдардың қайталануы да көптеп орын алды.
Оқырмандардың қойған барлық сауалдары назардан тыс қалмады. Әр сұрақтың жауабы  әлеуметтік желіде, аудан әкімінің ресми сайтында жарияланды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru