Меккедегі ғажайып ғимараттар

«Абрадж — Аль – Бейт» ғимараттар кешенінің құрылысы 2004 жылы басталып, 2012 жылы аяқталды. Ол əлемдегі ең ауыр əрі ең үлкен ғимараттар кешені болып есептеледі.

Ол биіктігі жөнінен де Дубайдағы «Бурдж – Халифа» ғимаратынан кейінгі екінші орында. Меккедегі бұл ғимараттың ең биігі «Карольдік сағат мұнарасы» деп аталатын нысан. Оның биіктігі 601 метр. 120 қабаттан тұрады.

«Абрадж — Аль – Бейт» нысанын салудағы мақсат жылына 5 миллион  адам қажылыққа баратын Меккедегі қажылық етушілерді тиімді орналастыру болатын. Бұл ғимаратқа 100 000 адам сияды. Тікұшақ қонатын екі алаңы бар. Сонымен қатар, жердің астында 800 автокөлікке паркинг де соғылған. Ғимараттың ұшар басындағы ай бейнесінің салмағы 107 тонна, диаметрі 27 метр. Ол алтын жалатылған.

Бұл ғимараттың тағы бір ерекшелігі, оның төбесіндегі үлкен сағаттың орналасуында. Ол сағаттың жалпақтығы 43 метр. Сағат тілінің ұзындығының өзі 17 метр болса, секунд тілінің ұзындығы 22 метр. Бұл 400 метр биіктікте тұрған əлемдегі ең биік, əрі ең үлкен сағат.

Ол Меккенің кез келген нүктесінен анық көрінетіндей етіп жасалған. Сағат қасында азан шақыруға арналған 160 дауыс зорайтқыш қойылған. Оның дауысы 7 шақырымға дейін жетеді.

Бұл құрылысқа нақты қанша ақша кеткені жөнінде айтылмайды. Бір анығы, оны салу сегіз жылға созылып, құрылысқа қажетті Италиядан мəрмəрлар мен Африкадан алтындар тасылған.

Жалпы, Мекке қаласы мұсылмандардың басты тəуап ететін орталығы. Мұнда өзге дін өкілдеріне кіруге қатаң тыйым салынған. Бірақ, осыған қарамастан 19 ғасырда Ричард Бертон атты ағылшын жалған атпен Меккеге кіріп қажылық жасаған.

Сауд Арабиясының королі заң бойынша Мекке қаласының да мэрі болып саналады. Мұндағы ең маңызды орын қасиетті Қағба орналасқан «Əль – Харам» мешіті. Оның көлемі 309 мың шаршы метр. Мешіттің 9 мұнарасы мен 44 кіретін есігі бар.

«Əль – Харам» мешітін 1979 жылы ішіндегі 6 мың адамымен террористер басып алып, ел билігінен мұнайды шет елге сатпауды талап етті. Олар екі апта бойы мешітті өз иеліктерінде ұстады. Алайда, кейіннен қалаға əскер кіргізіліп, терроршылардың көзі жойылған болатын…

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru