Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайлық жұмыссыз жастарға кеңес берілді

     Қордай ауданының орталық «Жасыл саябағында» бос жұмыс орындар  жәрмеңкесі өткізілді. Шараны Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің мақсаты – жұмыссыздар, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар және түлектер қатарынан жұмыс іздеушілерге, жас мамандарға лайықты жұмыс табуға көмектесу, ал жұмыс берушіге жаңа кадрларды таңдауға көмектесу.

Аталған іс – шараға 50 ден астам жұмыссыз азаматтар қатысты. Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша барлық қатысушылар кеңес алды.

Сондай-ақ, Қордай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және «Жасыл ел» еңбек  жасағының  жастары  Қордай ауданындағы «Ноғайбай би» атындағы атшабардың  ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Мақсаты: ауданымыздың шырайын әрлендіре түсіп, ауданымызды үздік экологиялық таза аймаққа айналдыру, сонымен қатар жас ұрпақты еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, ауданымыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға баулу.

Атап айтар болсақ «Жасыл ел» еңбек  жасағы жастары мен  ауданымыздың еріктілері Қордай ауданындағы орталық «Ноғайбай би» атындағы атшабардың  ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, арам өсіп кеткен шөптерін шауып, қоқыстары шығарылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *