Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайда «Жастар спортпен бірге!» атты волейбол турнирі өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 4 маусым – Рәміздер күні мерекесіне орай «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және № 40 Отар әскери базасының ұйымдастыруымен Гвардейск қалашығында  «Жастар спортпен бірге!» тақырыбында жастар арасында волейболдан турнир өткізілді. Жарысты №40 Отар әскери базасының оркестрі салтанатты түрде ашты.

Волейболдан өткен турнирға барлығы 10 команда қатысты.   Тас-түйін дайындықпен келген барлық құрама командалардың ойыншылары бар шеберліктерін көрсетті.

Қызу тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша І орынды «Ұландар» командасы, ІІ орынды «Қарасай батыр» командасы және жүлделі ІІІ орынды «Отар жастары» командасы иеленді. Сонымен қатар ойында белсенді өнер көрсеткен құрама командаларың ойыншылары алғыс хаттармен марапатталды. Жүлделі ойын иегерлері «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің кубогы, дипломдары және бағалы сыйлықтарына ие болды.

Айта кетсек, егемендігіміздің, елдігіміздің басты нышандары – рәміздер күніне орай ойын соңында іс-шара қатысушыларына жалаушалар таратылды. Олар Мемлекеттік рәіздерге деген құрмет сезімі әрбір ел азаматының жүрегінде орнығып, тулап тұру керектігін алға тартты. Сондай-ақ, қатысушылар Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының  маңыздылығын тілге тиек етіп, тойдың тамашасын емес, тағылымын  көпке үлгі ету қажеттігін баса айтты.