Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бастамасымен тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Зағиптарға кітап сыйла» акциясы басталды.

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының дыбыс жазу бөліміне қаладағы 4 театрдың актерлері мен белгілі өнер иелері науқанға үлес қосуға жиналды.
Олардың ішінде қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова мен басқарма басшысының орынбасары Мөлдір Кеуенова, қалалық орыс драма театрының директоры Игорь Вербицкий, Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының актері Еркін Шымырқұлов, Шымкент қалалық опера және балет театрының басшысы Майра Мұхамедқызы бар.

Кітапхана оқуға ұсынған 30 автордың ішінде елімізге белгілі және жергілікті ақын-жазушылардың еңбектері болды. Сахна саңлақтары өзге де әріптестерін аталған акцияға белсенділік танытып, бірлікпен атсалысуға шақырды.

Қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана директоры Бәкір Нұрманбетовтің айтуынша, кітапханада 140 мыңнан астам кітап қоры бар. Оның ішінде 45 611 «сөйлейтін» кітапты тыңдауға болады. Дыбыс жазу бөлімінде бүгінге дейін 677 кітап оқылған. Көбейтілгені – 5931 дана.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *