Таңдаулы жаңалықтар:

КІТАП ОҚУ – РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУДІҢ КӨЗІ

Бүгін кітапханамыздың “Мерзімді басылымдар” секторының ұйымдастыруымен «Жыл кітабы» акциясы бойынша оқырмандар арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Баршаңызға мәлім, биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылған болатын.

Шарада кітапханашылар «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында оқуға таңдалған поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті, аударма жанрындағы әдебиеттерге шолу жасап, түрлі жанрда жазылған туындыларға талдау жасады.

Оқырмандар поэзия жанрында таңдалған кітаптардан өлең жолдарын оқып, авторлар туралы естеліктермен бөлісті.

Сонымен қатар, кітапханашылар Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсынған әлем және қазақ әдебиеті, ғылыми-танымдық, рухани жаңғыру бағытындағы 30 кітаптарға да қысқаша тоқталып, жас оқырмандарды кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға шақырды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *