Таңдаулы жаңалықтар:

2021 жылдың 22 қыркүйек күні, сағат – 16:00 де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен SHYMKENT NOMAD FILM FEST қысқаметражды фильмдер фестивалінің салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Байқаудың мақсаты — қаламыздағы кино индустрия саласына үлкен мән беріп, жас таланттарды қолдау. Сонымен қатар фестивальге қатысушы талантты жастардың шығармашылығына жағдай жасау арқылы мүмкіндік беретін үлкен шығармашылық алаңша құру.

 

Салтанатты марапаттауға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның басшысы Ерлан Айтбаев, әділ-қазы алқасы, зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, волонтерлік ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.

2021 жылғы 12 тамыз – 10 қыркүйек аралығында өткен байқауға қатысуға 30 үміткер ниет білдіріп, соның ішінен 10 кино туындыны іріктеп алған болатын.
Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындар бойынша және «Бірінші пландағы үздік актер, актриса», «Екінші пландағы үздік актер, актриса», «Үздік операторлық жұмыс», «Үздік монтаждық жұмыс», «Үздік композициялық жұмыс» және «Үздік сценарист» номинациялары бойынша, ал қалған қатысушылар байқауға қатысқаны үшін арнайы алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды