Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің халықпен өзара іс-қимылы жөніндегі 2020 жылғы 9 айдағы қызметі туралы ақпарат

23/10/20201min290

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, халықпен өзара іс-қимылды Агенттік ашықтық, сондай-ақ азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді ден қою қағидаттарына негіздеумен қамтамасыз етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте азаматтардың сенімі қызметтің тиімділігін бағалаудың басты өлшемі болып табылады.

Ағымдағы жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 21 740 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі (18 733) көрсеткішпен салыстырғанда, 14%-ға көп.

Бұл сан жыл сайын артуда (2017 жылы – 20 352 өтініш, 2018 жылы – 22 097, 2019 жылы – 26 866).

Өтініштер санының өсуі халықтың құқықтық сауаттылығының арттырумен, сондай-ақ азаматтармен кері байланыстың тұрақты түрде жетілдірілуімен байланысты деп санаймыз (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің БАҚ-та сөз сөйлеуі, брифингтер, жобалық кеңселердің жұмысы және басқа да алаңдарды пайдалану).

Орталық аппаратқа келіп түскен өтініштердің үлесі 29%-ды (немесе 6 330 өтініш) құрайды.

Әрбір өтініш мұқият қаралады, содан кейін Агенттіктің әлеуетін пайдалана отырып, белгіленген проблемаларды шешу бойынша жан-жақты шаралар қабылданады.

Өткен жылдың қыркүйегінен бастап азаматтарды жеке қабылдаудың жаңа кезеңділігі енгізілді, оған сәйкес Агенттік Төрағасы азаматтарды апта сайынғы негізде, ал оның орынбасарлары мен Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшылары күн сайын қабылдайды.

COVID-19 пандемиясы жағдайында карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты, ағымдағы жылы наурыз айынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау шектелген.

Бұл ретте, Агенттік басшылығы пандемия жағдайында қауіпсіздікті сақтау мақсатында азаматтарды қабылдауды бейне-конференция байланысы арқылы жүзеге асырады. Шалғай жерлерде тұратын азаматтар қашықтан қосылады.

Аталған кезеңде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылық құрамы 801 қабылдау өткізді, оның шеңберінде 950 мәселе бойынша 1 073 азамат қабылданды.

Агенттік басшылығының 42 жеке қабылдауы барысында 86 мәселе бойынша 120 азамат қабылданды.

Қаралған өтініштердің жалпы санының 37%-ы қанағаттандырылды.

Азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмыстың тиімділігі апта сайынғы аппараттық мәжілістерінде, сондай-ақ тоқсан сайын — алқаларда азаматтардың жүйелі мәселелерін кешенді түрде шешу тұрғысынан шаралар қабылдай отырып қарастырылады.

Орталықта және жергілікті жерлерде бейінді бөлімшелердің басшылары әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс атқаруда, азаматтардың сұраныстарына уақтылы жауап береді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіреді.

Өңірлер арасында ең көп қабылдау Агенттіктің Қарағанды (97 мәселе бойынша 101 азамат), Алматы (63 мәселе бойынша 78 азамат) облыстары, Нұр-Сұлтан қаласы (63 мәселе бойынша 63 азамат) бойынша департаменттерінде ұйымдастырылды.

Орталық аппаратқа негізінен елорда, сондай-ақ Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары жүгінді.

Өтініштерді қабылдаудың дәстүрлі нысандарымен қатар, Агенттіктің «Call-орталығының» жұмысы шеңберінде халықпен өзара іс-қимыл жолға қойылды.

Ағымдағы жылдың басынан 1424 Call-орталыққа 21 мыңға жуық телефон қоңырауы келіп түсті, олардың 600-і сыбайлас жемқорлық фактілері туралы.

Анықтама ретінде: 66 хабарлама – СДТБТ-да тіркелді, 18 қылмыстық іс сотқа жолданды, 11-не үкім шығарылды.

Өтініштерді қарау бойынша қызмет Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің барлық әлеуетін (оның ішінде құқық қорғау блогын, алдын алу тетіктерін және жобалық кеңселердің мүмкіндіктерін) пайдалана отырып, нәтижелілікке және азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған.

Осылайша билік өкілдерінің халық үшін ашық диалогы мен қолжетімділігі мақсатында, Агенттіктің 16 аумақтық департаментінде сервистік «Аntikor ortalyqtary» ашылды.

Бұл орталықтарда халыққа консультациялар беру, өтініштерді қабылдау және қарау, сондай-ақ қабылданған шешімдер туралы өтініш берушілерге түсіндіру қызметтерін көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған.

Ағымдағы жылдың басынан аумақтық бөлімшелердің сервистік орталықтары 1 269 азаматты қабылдауды уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерін қатыстыра отырып өткізді, азаматтық қоғам өкілдерімен және мемлекеттік органдармен 2 808 кездесу ұйымдастырылды.

Осылайша Агенттік құқық қорғау органы бола отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік басқарудың сервистік моделінің негізін қалайды.

Агенттік басшылығы «Ашық диалог» порталында 7 интернет-конференция өткізді, олардың барысында 29 мәселе қаралды. Интернет-конференцияның деректерін жалпы 1 952 адам қарады.

Агенттіктің жобалық кеңселері шеңберінде қоғаммен өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.

«Protecting business and investments» жобасы шеңберінде  инвестициялардың жалпы сомасы, шамамен, 960 млрд. теңгені құрайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеумен 166 келісімге қол қойылды. Аталған жобада бірқатар нәтижелерге қол жеткізілді.

«Adal kоmek» волонтерлік жобасы шеңберінде онлайн-форматта азаматтарға олардың құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыруға бағытталған білікті құқықтық көмек көрсетіледі. Оның жұмысына тәжірибелі адвокаттар, жетекші заңгерлер қатысады. Осы жоба шеңберінде 18 мыңнан астам азамат құқықтық көмек алды.

 

Қабылдауларда айтылған мәселелерді шешуге көмек көрсеткені үшін бірқатар азаматтардан алғыс хаттар келіп түсті.

Мәселен, ағымдағы жылы тамыз айында сотқа дейінгі тергеудің объективтілігін, толықтығын және заңдылығын қамтамасыз еткені үшін азаматша Д. Нұржанова Ақмола облысы бойынша департаментінің Тергеу басқармасының басшысы Е. Махамбетов пен Агенттіктің 1-департаменті басшысының орынбасары Д. Ақуанға алғыс хат жолдады.

Сондай-ақ, ұлының Ақтөбе облысындағы колледжде оқуына ақы төлегені үшін негізсіз ұсталған ақша қаражатын қайтаруға қатысты мәселені оң шешкені үшін, К. Қыстаубайдан алғыс хат келіп түсті.

Сонымен қатар, «Сити Корп» ЖШС директоры Д. Кабдушевтен инвестициялық жоба шеңберінде жер учаскесін өтеусіз беруге көмектескені үшін алғыс хат келді.

Сонымен қатар, А.Черепушкин көрсетілмеген қызметтер үшін ақшаны қайтару туралы, оның мәселелерін шешуге байланысты Агенттікке қайта өтініш жіберді.

Азаматтардың мәселелерін жан-жақты қарау нәтижесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне шағымдар санының азаю қарқыны байқалады деп ойлаймыз. Аталған кезеңде шағымдар саны 7%-ға төмендеді.

 

Қорытындылай келе, жүгіну тәсілдерін атап өту керек. Азаматтарға Агенттікктің тікелей мекенжай бойынша, электрондық үкімет порталы, блог платформа және Агенттік Төрағасының жеке поштасы арқылы (alik.shpekbaуev@gmail.com) және 1424 Кол-орталығына жүгінуге болады.

Сондай-ақ электрондық өтініштің кейбір артықшылықтарын атап өту қажет:

  • үйден шықпай-ақ өтініш беру, яғни уақыт пен қаржы шығындарын қысқарту;

2) өтінішті жедел жеткізу және оған жауап алу;
3) олардың өтуін ашық түрде бақылау.