Гамлет Төреханұлы Қайнарбеков 1968 жылы туылған, білімі жоғары, 1995 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.
1999-2002 жылдары коммерциялық ұйымдарда, 2002-2005 жылдары Қызылорда облысы әкімінің көмекшісі, әкімдігінің өнеркәсіп және көлік басқармасы бастығының орынбасары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары, 2005-2007 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, 2007-2009 жылдары «Әулие-Ата-Атакент» ЖШС-нің бас менеджері, директоры, 2008-2009 жылдары «Кардиохирургия орталығы» ЖШС-і директорының орынбасары, 2010-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2011-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, 2017-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының 2018 жылғы «25» маусымдағы №343-Ж/Қ-М бұйрығымен Қайнареков Гамлет Төреханұлы Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.