Бюджеттің ашықтығы қоғамның назарында!

09/10/20201min170

«Antikor» орталығында Мемлекет бюджетінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Р.Қ.Төлебаев, облыс әкімдігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының, облыс әкімдігінің Қаржы басқармасының, облыс әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасының, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері қатысты.
Қ.Р. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаевтың айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы жұмыс ашықтығын қатамамасыз ету мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы басым бағыттарының бірі болып отыр. Оның ішінде мемлекет қазынасынан бөлінетін қаражаттың тиімді пайдаланылу барысын жұртшылықтықтың бақылап отыруы аса үлкен маңызға ие.
«Integrity» зерттеу орталығының зерттеу нәтижесі Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарында бюджеттердің ашықтық индексінің деңгейі төмен екендігін көрсетті, яғни біздің облыстағы жергілікті бюджеттердің ашықтығы индексінің көрсеткіші 2019 жылы мүмкін 100 балдың 14 балын құрады және зерттелген 17 аймақтың арасында ашықтық бойынша соңғы – он алтыншы орында тұр.
Мұндай төмен балл көрсеткіші бюджет жобасы туралы ақпараттың ашық қолжетімділігіне байланысты. Түсіндірме жазба жарияланбаған, жұртшылық бюджет жобасын әзірлеуге, әлеуметтік-экономикалық даму болжамын талқылауға тартылмаған.
Қазіргі таңда осындай оқылықтардың орнын толтыру, бюджет ашықтығын барынша қамтамасыз ету жолында бұдан өзге де бірқатар шаралар қолға алынып жатыр.
Мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын, ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы. Бұл жоба азаматтарға бюджет қаражатының жұмсалуын қадағалаумен қатар, нақты бір бағыттар мен салаларға мемлекеттен қаражат бөлу туралы ұсыныс жасауға мүмкіндік береді.
Карта ресурсы жұмсалып жатқан қаражат сомасын автоматты түрде талдап, ұқсас объектілермен салыстырып отырады. Шығындардың айтарлықтай жоғарылатылғаны, не болмаса төмендетілгені байқалған жағдайда, жүйе тәуекел аймағын көрсетіп тұрады. Осылайша қоғамдық бақылауды жеңілдете түседі