Бюджеттік мәселелерде мемлекеттік органдардың есептілігін одан әрі күшейту шаралары талқыланды

10/09/20201min130

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын құру және дамыту жолында жайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіру үшін алаңдар құру маңызды.

Бұл мемлекеттің халық алдында есептілігін қамтамасыз етудің жаңа тетіктерін әзірлеуді және енгізуді білдіреді.

Осыған байланысты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында қаржы және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлерінің, өңірлер әкімдерінің қаржы жөніндегі орынбасарларының, қоғам өкілдері мен әзірлеушілердің қатысуымен «Ашық бюджеттердің интерактивті картасын» дамытудың жаңа тәсілдерін қарастыру бойынша кеңес ұйымдастырылды.

Кеңесті аша отырып, Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Картаны іске асыру тәжірибесі Мемлекет басшысымен сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайларды және адами факторды жоюға мүмкіндік беретін цифрлық шешім ретінде оң бағаланғанын атап өтті.

О. Бектеновтың айтуынша, Карта кез-келген басқа цифрлық шешім сияқты, әсіресе оның алдын-алу құрамын күшейту бөлігінде үнемі жетілдіруді қажет етеді.

Қаржы және цифрлық даму министрліктері өкілдерінің ақпаратына сәйкес, Картаны мемлекеттік сатып алу және «Электрондық үкімет» порталдарымен одан әрі ықпалдастыру мүмкіндігі бар.

Осылайша, бюджеттік деректерді алу процестерін автоматтандыру, адами факторды болдырмау және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің картаны пайдаланушылардан келіп түсетін шағымдарды қарау үшін жауапкершілігін күшейту көзделеді.

Кеңес нәтижесінде қатысушылар сарапшылық қоғамдастық пен азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, Картаны жетілдіру бойынша арнайы жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru