Бюджет қаржысы тиімді игерілуі тиіс

07/04/20201min1630

Қазіргі қоғамның өзекті проблемаларының бірі мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің көріністері тоқтаусыз орын алып жатқаны болып табылады.

Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жұмыс кездесулерінің бірінде мемлекеттік сатып алу саласын егжей-тегжейлі талдау қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ аса атап айтқым келетіні мемлекеттік сатып алу саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым міндеттерінің бірі болып қалуда.

Бұл мәселенің маңыздылығы сөзсіз. Оны жою тек бюджет қаражатын үнемдеу ғана емес, шағын және орта бизнесті дамыту, көлеңкелі экономикамен күрес сияқты маңызды стратегиялық міндеттерді іске асыруға, ең бастысы – азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға үлкен үлесін тигізеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басты бағыттарының бірі де ол мемлекеттік сатып алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерін жою болып табылады.

Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу системасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен күрестің жаңа форматы қолдануда, ол «Біріңғай сатып алу терезесі» «Единое окно закупок» веб порталын зерделеп орын алуы мүмкін сыбайлас жемқорық тәуекелдерін мемлекеттік сатып алуды жоспарлау сатысында анықтап, оны жоюға мүмкіндік береді.

Жылдар бойы зерделенген статистика, мемлекеттік сатып алу кезіндегі ең жиі орын алатын тәуекел ол жүйелі түрде бағаны негізсіз жоғары қою фактілері болып табылады.

Осыған орай Департамент бюджет қаражатының тиімді пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқаруда.

Мысалы: 2020 жылдың бірінші тоқсанында Департаментпен мемлекеттік сатып алуды жоспарлау сатысында мемлекеттік органдармен бағаны тым жоғары қою фактілеріне жол берілгендігі анықталып, оларға бағаны төмендету бойынша ұсыныстар енгізіліп, нәтижесінде 52 миллион теңге бюджеттік қаражат үнемделген.

Мысалы келтіретін болсақ, Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімімен 100 комплект білім беру мультимедиалық жүйесін алуға 45 миллионға жуық қаражат жоспарланған. Жүргізілген мониторинг жұмыстары аталған жүйені немғұрайлы төмен алуға болатынын көрсетті. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралып алынатын тауар бағасы 15 миллион теңгеге төмендетілді.

Тап солай Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі 100 компьютер жиынтығын алуға 26 миллионнан аса қаражат жоспарлаған болатын, алайда мониторинг қорытындысы бойынша қазіргі таңда ол сумма қайта қаралып 8 миллионнан аса каражат үнемделген.

Жамбыл облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті қажетті материалдық құралдарды алуға жоспарланған қаражат 1 миллионға азайтылды.

Облыс әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттік сатып алуға жоспарлаған 300 миллионнан астам сомма, жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 10 миллионға қысқарды.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу аталған саланың заң талаптарын сақтамау фактілері де көп орын алуда.

Мәселен Ішкі мемлекеттік аудит департаментінен алынған мәліметтерге сүйенсек 2020 жылы 14 миллион теңгеден астам 277 әкімшілік хаттама бойынша мемлекеттік орган басшыларына, қызметкерлеріне айыппұл салынған.

Мойынқұм ауданының сәулет және қала құрыслы бөлімінің бұрынғы басшысы Джунисбековке ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 207 бабының 11 тармағы мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырғаны бойынша 4 хаттамамен 1 миллоннан астам айыппұл салынған.

Дәл соалй Жуалы ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Сейтбековке Кодекстің 207 бабының 11 тармағын сақтамағаны үшін 500 000 теңгеден астам 4 хаттамамен айыппұл слынған.

Шу ауданының Төлеби ауылдық округінің әкімі Даберовқа Кодекстің 207 бабы 10 тармағының 2 тармақшасының талаптары өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелерді орындамаған үшін 715 000 теңгеден астап соммаға 19 хаттамамен айыппұл салынған.

Дәл солай Жамбыл ауданының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Тілеубаевқа 4 хаттамамен 159 мың теңге айыппұл салынған.

Мемлекеттік қызметшілердің жалақылары барімізге белгілі. Міне үш айдың ішінде 500 000 мың 1 миллионнан астам айыппұлды бөлім басшылары қалай төлей алады? Осы мәселені аудан әкімдеріне қатаң бақылауға алуды ұсынамын. Себебі осы жерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындайды. Егер де ауылдық округ әкімі, бөлім басшысы 1 тоқсанда бір емес бірнеше рет мемлекеттік сатып алу заң талабын сақтамай айыппұлға ілінген болса, ол қызметшінің жауапкершілігін қарау қажет деп есептеймін.

 

Равиль Төлебаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының

бірінші орынбасары

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *