Бірыңғай «Адалдық сағаты» өткізілді

23/01/20201min990

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен еліміздің барлық білім беру ұйымдарында бірыңғай жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтті. 442 мектеп 69 000 оқушы қамтылған іс – шараға Арнайы мониторингтік топ, ақпараттық үгіт-насихат штабы, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері жұмылдырылған. №12 гимназиясында «Адалдық дәрісін» оқыған Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев акцияның мән-маңызына тоқталып, сыбайлас жемқорлықпен қарқынды күресу ел саясатының негізгі басым бағыттарының бірі екендігін атап өтті.

«Адалдық сағатының» негізгі мақсаты — өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
Шара барысында лекторлар қазақтың бойында бағзыдан қалыптасқан адалдық пен әділдік құндылықтарының қасиетін қазбалап, тағылымға толы тарих беттеріндегі әділдікті ту еткен кемеңгерлердің туралығына тоқталды. «Адалдық сағатында» білім алушыларға арнайы әзірленген бейнероликті көрсету арқылы адалдық – парасаттылықтың ең биік шыңы, әрі адам бойындағы ең асыл қасиет екендігі жіті түсіндірілді.
Айта кетейік, бұл игі акция жүйелі түрде еліміздің абыройын асқақтатып жүрген ел мақтаныштары мен қоғам белсенділерін қатыстыра отырып өткізілетін болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru