Бірлесе жұмыс атқармақ

20/02/20201min1210

Департамент жанындағы іске асырылып жатқан жобалардың жұмыстары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев Өңірлік коммуникациялар алаңында брифинг өткізді. Онда жергілікті атқарушы органмен бірігіп іске асырылып жатқан жобалары туралы баяндады.
Бүгінгі күні, іс жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеген жобалар кеңінен қолданыста. Атап айтқанда, Жамбыл адалдық алаңы жобалық кеңсесі аясында «Адал ұрпақ», «Ашық бюджеттің интерактивті картасы», «Бизнес және инвестицияны қорғау», «Сапалы жол» және «Халық заңгері» жобалары. Әр жоба бойынша жеке тоқталған Департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Қуанышбайұлы, оның жүзеге асу механизмінде жіктеп берді. Сондай — ақ, Тараз қаласының әкімінің орынбасары Сартай Қайсар Амантайұлы қатысты. «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұсынысымен «Таза аула, таза қала» жобасы ұсынылған еді. Қала әкімінің орынбасары Қайсар Амантайұлы жаңа жобаны бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне таныстырып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқаратындықтарын жеткізді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *