Таңдаулы жаңалықтар:

Білім саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері өршіп тұр

12/01/20211min4180

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті мен «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе білім саласындағы, дәлірек орта білім беру мекемелерінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың деңгейіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмыстарын жүргізді.
«Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсеге Тараз қаласы әкімдігінің № 3 лицей мектебінің есеп бөлімі жұмысына қатысты арыз келіп түскен.
Осыған орай, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 21 – ші желтоқсан 2020 жылғы №1003 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 23 -30 желтоқсан аралығында Тараз қаласы 13 – ші мөлтек аудыны мекенжайы бойынша орналасқан №3 лицей мектебінің есеп бөліміне зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу барысында анықталған кемшіліктер келесідей:
1. Айлық жалақы бойынша:
— Рахманкулова Т. – психологқа қыркүйек — желтоқсан айында жергілікті бюджеттен 31 739 теңге, республикалық бюджеттен 11 252 теңге еңбек жалақысынан артық төленген. Барлық соммасы – 42 991 теңге
— Кулбергенова З. – өзін – өзі тану пәні қыркүйек — желтоқсан айында жергілікті бюджеттен 69 795 теңге, республикалық бюджеттен 14 030 теңге еңбек жалақысынан кем төленген. Барлық соммасы – 83 825 теңге
— Бекенқызы Ш. – психологқа қыркүйек — желтоқсан айында 14 641 теңге еңбек жалақысынан кем төленген
— Рустамова З. – әлеуметтік педагогқа қыркүйек — желтоқсан айында жергілікті бюджеттен 43 646 теңге, еңбек жалақысынан кем төленген
— Мамырбекова А. – математика пәні қыркүйек — желтоқсан айында жергілікті бюджеттен 5 801 теңге, республикалық бюджеттен 5 653 теңге еңбек жалақысынан артық төленген. Барлық соммасы – 11 454 теңге
— Умбеталиева Ж. – математика пәні қыркүйек айында жергілікті бюджеттен 20669 теңге, республикалық бюджеттен 14 829 теңге еңбек жалақысынан артық төленген. Барлық соммасы – 35 498 теңге
2. Зейнетақы қорына аударым бойынша кеш аударылған. Қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан айының аударымдары желтоқсан айында аударылған.
— Еңбекке жарамсыз парағы үшін төленетін төлемақы қараша айында Даулетбаев Тлеубергенге 6 380 теңге, ал Асқар Асанбайға 23 157 теңге қаражаты кем төленген.
3. Мемлекеттік сатып алу бойынша:
— «EXPEDIT GROUP» ЖШС мен Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты №3 мектеп лицейі арасында 13.10. 2020 жылы №62 келісім шартқа сәйкес 330 дана Роутер алу бойынша төлемақы жасалған. Роутердің құны әр данасына 19 200 теңге теңгені құрайды. Барлығы 6 335 997,36 теңге қаражат аударылған. Алайда қазіргі уақытта 200 роутер пайдаланылмай қоймада жатыр. Яғни, 3 840 000 теңге мемлекет қаржысы тиімсіз жұмсалған деп есептейміз. Роутердің мұқтаждығы туралы ақпарат алдын-ала жинақталмаған.
— Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы №45 шарты бойынша «Шын-АЛИ» жеке кәсіпкер Койшыбаев Нурбай арасында 26. 08. 2020 жылы келісім шарт жасасқан. 10 литр антисептикалық спрей 2 200 теңгеден 22 000 теңге. 4 дана локтевой мөлшерлеуіш 5000 теңгеден 20 000 теңге деп бағаланған. Алайда жеке кәсіпкер, 26.08.2020 жылы Локтевой дозатор 3 дана 5700 теңгеден барлығы 17100 теңгеге, санитайзер 3 дана 5500 теңгеден 16500 теңгеге жөнелтпе құжатымен өткізілген. Электронды есеп фактурасы(счет фактура) 21 қыркүйек 2020 жылы 42 000 теңге аударылған.
— Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы №46 шарты бойынша «Шын-АЛИ» жеке кәсіпкер Койшыбаев Нурбай арасында 26. 08. 2020 жылы келісім шарт жасасқан. 2 дана тепловизор 30 000 теңгеден 60 000 теңге. Алайда жеке кәсіпкер, 26.08.2020 жылы тепловизор 2 дана 35 000 теңгеден барлығы 70 000 теңгеге жөнелтпе құжатымен өткізілген. Электронды есеп фактурасы(счет фактура) 21 қыркүйек 2020 жылы 60 000 теңге аударылған. Алынған 4 дана тепловизордың қазіргі уақытта 1 – і істен шыққан.
— Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы №68 шарты бойынша «Айлин» жеке кәсіпкер Кирбасова С. арасында 13. 10. 2020 жылы келісім шарт жасасқан. Диодттық шам 25 дана, ЛПО ұзын жіңішке шамы 37 дана алынған. Электронды есеп фактурасы(счет фактура) 30.11. 2020 жылы 106 500 теңге аударылған.Алайда бұл шамдар ағымдағы жылдың 24 – ші желтоқсан күні жеткізілді.
— Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы №70 шарты бойынша «Айлин» жеке кәсіпкер Кирбасова С. арасында 13. 10. 2020 жылы келісім шарт жасасқан. 11 дана сабын салғыш 15 000 теңгеден, 165 000 теңгеге алынған. Электронды есеп фактурасы(счет фактура) 30.11. 2020 жылы 165 000 теңге аударылған.Сабын салғыш құжатта көрсетілгендей, металл емес пластик материалынан жасалған. Бұл сатып алу келісім – шарты бойынша бағасы тым жоғары көрсетілген. Нарықтағы бағасы 2000 теңгеден аспайды.
— Тауарларды мемелекеттік сатып алу туралы №74, №75, №76 шарты бойынша «ТЫНЫСТАНОВ» жеке кәсіпкер Тыныстанов А. арасында 21.12.2020 жылы келісім шарт жасасқан. 51 дана орындық 4 285,71 теңгеден, 35 дана парта,үстел құны 6696,42 теңге, 24 дана орындық құны 4464,28 теңге, барлығы 560 088,63 теңгеге алынған. Электронды есеп фактурасы(счет фактура) бір күннен кейін 22.12. 2020 жылы аударылған. Аталаған жиһаздар 23-30 желтоқсан аралығында болған жоқ. Яғни, бір көзден келісім – шартқа отырған жеке кәсіпкер тауарды әкелмесе де 1 күннің ішінде жұмыстың орындалуы туралы акт болмаса да қаражатын аударып берген.
Сондай-ақ зерделеу жұмыстары барысында, келіп түскен материалдық құндылықтары бойынша тіркеу журналы және папкасы жүргізілмегендігі анықталды.
Сонымен қатар, мониторинг аясында білім саласына жауапты мемлекеттік органдарға түскен арыз шағымдар да зерделенген болатын.
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №42 Мектебінің директоры Нысамбекова Бакыткуль Мекемтасовна аталған мектеп педагогтарын WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы мерзімдік баспасөз құралдарына жазылуды міндеттеп, сол іс-әрекетімен Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 6 бабы, 2-тармағы, 4) тармақшасының талабы бұзыған.
Осыған байланысты, Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан Тараз қаласы №42 Мектептің директоры Нысамбекова Бакыткуль Мекемтасовнаға Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 409-бабының 7-3 бөлігінің 4) тармақшасы бойынша әкімшілік іс қозғалып, ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Сонымен қатар, Тараз қаласы №42 Мектебінің директорын шақырту арқылы Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы С.Есеевтің қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *